18 Желт 2020
Тамақтану

«Сарыжар ЖОББМ» КММ ыстық тамақ жұмысын ұйымдастыру

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын  анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. Осы мақсатта  Сарыжар орта мектебінде тұрақты түрде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі, оқушыларды өзіне қызмет көрсетуге және қоғамдық тамақтану орындарында өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйретеді.

Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен 2019-2020 оқу жылында 75 оқушы тамақтанды. Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндіріледі, мектеп оқушыларымен тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттық және тәрбие жұмыстары, оқушыларды ыстық тамақтануға қатыстыру бойынша сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізіледі.

Асханадағы тамақтың сапасын, гигиеналық тазалығын,аспазшылардың денсаулығын,  дайын және шикі өнімдердің  сапасын мектеп жанынан құрылған бракераж комиссиясы үнемі бақылап отырады.

Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған. Мектепте екі бракераж журналы жүргізіледі: шикі өнім бракеражы және дайын өнім бракеражы. Бұдан басқа комиссия тамақтандыру кәсіпорны мен мектеп асханасы арасындағы белсенді байланыстырушы рөлінде болады.

Мектепте ұйымдастырылған тамақтандырумен қатар буфет жұмыс жасайды. Мұнда әр түрлі пісірілген тағамдар  мен әр алуан шырындар сатылады. Мектептегі ауыз су режимі ұйымдастырылған.

Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар.

Мектеп  медбикесі Кайболдинова А тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Дұрыс тамақтана білесіз бе?» тақырыбында сауалнама алды. Сауалнама қорытындысы бойынша оқушыларға  тамақтың ұнайтындығы,аспазшыларға риза екендігі белгілі болды. Оқушыларға «Денсаулық әліппесі» атты дәріс ұйымдастырылды. Денсаулыққа пайдалы тағамдар, дәрумендердің адам ағзасына қажеттілігі туралы айтылды,видеороликтер көрсетілді.

Мектеп психологы,әлеуметтік педагог,мектеп медбикесі класс жетекшілермен  бірге сыныптарда

денсаулық бұрыштарын жабдықтау жүзеге асырылады

 

Жаңалыктар