Мәртөк ауданы
«Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
|
Тіркелген мекен-жайы |
Ақтөбе облысы,Мәртөк ауданы, Сарыжар ауылы Жаңақоныс көшесі,70 үй |
|
Ашылған уақыты |
2018 жыл |
|
Мектеп директоры |
Есентаева Гульназ Конуспаевна |
|
Мектеп территориясы жалпы аумағы |
23732га |
|
Мектеп ғимаратының аумағы |
4812 кв. м |
|
Нысанның қызмет түрі |
Жалпы білім беру ұйымы |
|
Қолданыстағы инфрақұрылым |
Мектеп типтік 3 қабаттан тұратын ғимаратта орналасқан. Мектепте жалпы 24 оқу кабинеті жабдықталған. Сонымен қатар физика, химия, биология, ер балаларға, қыз балаларға арналған технология кабинеттері, екі информатика, робототехника кабинеттері бар және спорт зал, медпункт бар. 117 орындық мәжіліс залы бар. Мектеп асханасы 108 орындық. Интерактивті тақтасы бар кабинеттер саны-8. Кітапхана жаңа үлгідегі әдеби оқулықтармен толықтырылған. |
|
Оқушы саны |
Барлығы - 511 оқушы 1-ауысымда - 285 2-ауысымда - 226 Класс комлекті саны - 27 1-4 кластар - 206 5-9 кластар - 243 10-11 кластар - 62 мектепалды даярлық сыныбы - 2(35 оқушы) |
|
Мұғалімдер саны |
Барлығы-63 Магистр-8 Жоғары-59 Арнаулы орта-4 Педагог-шебер-0 Педагог-зерттеуші-16 Педагог-сарапшы-10 Педагог-модератор-20 Педагог-17 |
Мәртөк ауданы
«Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директоры
Есентаева Гульназ Конуспаевна
Есентаева Гульназ Конуспаевна- Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Болгарка ауылында 1986 жылы 10 қазанда дүниеге келді. Білімі -жоғары, 2008 жылы –Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих» факультетін «Құқық және экономика» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолы:
- 01.09.2008-06.01.2011 ж.ж. –Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияда «құқық және экономика» пәнінің мұғалімі;
- 06.01.2011–23.12.2011 ж.ж. – Мәртөк ауданы, Андреевка орта мектебінде әлеуметтік педагог;
- 23.12.2011-02.10.2014 жж- Мәртөк ауданы, Қызылжар орта мектебінде құқық және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі;
- 02.10.2014-09.09.2015 жж - Мәртөк ауданы, Қызылжар орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, құқық пәнінің мұғалімі;
- 09.09.2015-31.08.2017жж - Мәртөк ауданы, Қызылжар орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, құқық пәнінің мұғалімі;
- 02.09.2017-31.10.2017жж- Мәртөк ауданы, Құрмансай орта мектебінде құқық пәнінің мұғалімі;
- 01.11.2017-03.09.2018жж- Мәртөк ауданы, Қызылжар орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, құқық пәнінің мұғалімі;
- 13.09.2019 -02.09.2024жж- Мәртөк ауданы, «№3 Мәртөк жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, құқық пәнінің мұғалімі;
- 02.09.2024ж– осы уақытқа дейін Мәртөк ауданы «Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де мектеп директоры, құқық пәнінің мұғалімі



